25.05.2022, 15:30
Оқылды: 54

Дауыс беруге шақырды

Бөкей ордасы ауданына облыс орталығынан Орал қалалық мәслихатының депутаты, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев бастаған облыстың мәдениет саласының үздіктері Марат Сарбөпеев, Ақмарал Ахметова, Аслан Ғұмаров сияқты танымал таланттар келді.

22

Олар аудан жұртшылығын маусымда өтетін республикалық референдумға белсенді түрде қатысуға үгіттеп, саяси маңызды шараның мәнісін түсіндірді.

Алдымен сөз алған «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Исатай Құрмашев референдумнан не өзгереді, не береді деген сауалдарға жауап беріп, Ата заңға енгізілетін өзгерістерден толық мәлімет берді.

– Аты бар да, заты жоқ, тілі бар да, сөйлеушісі жоқ латын халқы сияқты жұтылып кетпеу үшін, елдік мәселені референдум жолымен шешіп, дамудың өркениетті жолына түскен Франция мемлекеті сияқты дамимыз, жаңа Қазақстан құрамыз, жаңашылдыққа бет бұрамыз десек, саналы азамат ретінде референдумға кеп, өз дауысымызды берейік, – деді депутат һәм тарихшы Мирболат Ерсаев.

23

Ақмарал Ахметова рухты әндерімен, Марат Сарбөпеев ойнақы әндерімен шара шырайын ашса, мың сан өнерді бір басына біріктірген хас талант Аслан Ғұмаров көрерменнің таңдайын қақтырып, қошеметіне бөленді.

24

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале