29.10.2021, 14:30
Оқылды: 56

Демеушіміз – әкім

Санаулы күндерден соң жазылым науқанының бір айын да артқа тастаймыз. «Бір ұжым – бір жылдық жазылым» акциясына қолдау білдіріп, жазылым науқанын алғашқылардың бірі боп аяқтаған – аудандық жер қатынастар бөлімі. Бөлім басшысы Руслан Каринге алғыс айтамыз.

Нургул демеуші

Қарауындағы 21 адамды газетке жаздырып, өз қалтасынан бес ауылдасына демеушілік жасап отырған Сайқын ауылдық округі әкімі Нұргүл Омарованың жөні бір басқа. Бұл Жігерқызының жыл сайынғы әдеті десек болады. Өткен жылы демеушілерді тартып, аудан үнжариясына қолдау білдірсе, биыл өз қалтасынан қаржы шығарып, демеушілік танытып отыр.

Қолымыздан келгені осы боп жатыр. Қолдаймыз, әр санын жібермей оқимыз. Әр кезде бітірген жақсы ісімізді жариялап, мерейімізді асырып келесіз. Ауылдағы күрмеуі қиын мәселені тақырып қып, сараптамалық материал  жазып, жүгімізді жеңілдетіп жатасыз. Сөз сүйектен өтеді ғой. Өткен рейдтерде бірге шығып, айқарма бетке беріп, аты-жөнін тура бермесеңіз де тұспалдап айтып, ұққан кісіге ой салдыңыз. Бәрі бірдей етек-жинамаса да бір-екеуі үй артында кісі барын түсінді. Газетке шықса, атын айтпаса да, елге әйгілі болатынын білді. Осы көмектеріңіз үшін тағы бір мәрте рақметімді айтамын. Қолымыздан келгенше қолдаймыз ғой. Өз ауданымыздың үнжариясына біз жазылып, біз қолдамағанда кім қолдайды?! – дейді ауыл әкімі Нұргүл Жігерқызы.

Әр кезде бірлесіп жұмыс жасауға дайын тұратын белсенді оқырманымыз, тұрақты қолдаушымыз Нұргүл Жігерқызына, ол басқарып отырған Сайқын ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале