17.06.2022, 19:53
Оқылды: 69

"Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған»

Сырым аудандық ауруханасында медицина қызметкерлерінің күніне орай «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты мерекелік шара өтті.

FB_IMG_1655472003506

Шарада аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов ауданымыздың медициналық ахуалын жақсартып, пандемия кезінде де жанын салып жұмыстарын абыроймен атқарған 365 медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап, елеулі еңбектері үшін Мәншүк Нығметқызына, Назым Жүзіпқызына, Айгерім Ізбасарқызына аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

FB_IMG_1655471998829

Ұжым атынан  Күлаш Айташова аудан әкімдігіне алғыс білдірді.

Одан бөлек, ұжым атынан аурухана бас дәрігерінің орынбасары Мергүл Сарғозиева мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Мәншүк Құрмашева әріптестеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтар тарту етіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудандық мәдениет үйінің әншілері шара көркін әнмен келтіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Көңілді мерекелік кеш аурухана ұжымы қызметкерлерінің топтық сайыстарымен жалғасты.

FB_IMG_1655472005847

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале