6.08.2021, 22:57
Оқылды: 124

«Депутат болу – үлкен жауапкершілікті қажет етеді»

Баршамызға мәлім, 2021 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының сайлауы өтті. Депутаттық мандатқа ие болған Жаңақала аудандық мәслихат депутаты Оразкүл Көбесовамен әңгімелесіп, қызметінің жауапкершілігін, атқарған жұмыстарын сұраған едік.

 32615A6F-9AEA-4697-800E-C516C08A108B

- Оразкүл Үсіпбекқызы, биыл жыл басында депутаттық мандатқа ие болдыңыз, өзіңізге тағы бір міндет жүктелді. Осы қызметтің жауапкершілігі қаншалықты сезілуде?

- Иә, праймериз қорытындысымен депутаттыққа өттім. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік. Халықтың үніне құлағымызды түріп, ой-пікірін, сұранысын билікке жеткізіп, өз қолымыздан келгенше көмектесіп жұмыстанудамын. Депутаттық, қоғамдық жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді. Барынша жауаптылықпен қарап, жұмыстануға күш саламын.

- Осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарыңызды қысқаша айтып өтсеңіз?

- Осы уақытқа дейін 6 сауал жібердім. Оның бесеуіне жауап алдым, екеуі орындалды. Аурухана жөнінде  сауалды мәслихат хатшысына және облыстық денсаулық сақтау бөліміне жазғанмын. Әлі күнге дейін бұл сауал күн тәртібінде қаралуда. Ақпараттық құралға (газетке) жазылуға үш жанұяға көмек бердім. Сондай-ақ үш ардагердің үйлеріне соғып, ой-пікірлерімен бөлістім. 1 адамды жұмысқа орналастыруға көмектестім. 5 науқасқа емделуге және әлеуметтік желі арқылы 2 кісіге материалдық көмек аудардым. Ауруханада жұмыс кезінде көмек сұрағандарға мамандармен бірлесіп, мәселелерін шешіп, кеңес береміз, ондай жағдайлар жеткілікті.

Жалпы, ауыл аймақтарды жоспарлы түрде аралап тұрамыз. Жұмыс болған соң, кемшіліктері де, қиындықтары да кездеседі. Оны істеймін десең де, тікелей қаражатқа тірелетін кездер болады. Ал ауруханаға қатысты мәселелерді басшымыз Сержан Серікұлымен бірлесіп ой-пікірімізді айта отырып, мәселелердің шешімін табуға жұмыстанамыз.

Толығырақ «Жаңарған өңір» газетінің №31 санынан оқи аласыздар.

Сұхбаттасқан: Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале