14.01.2022, 17:14
Оқылды: 69

Депутаттар қолдау білдірді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облысымызда төтенше жағдай режимі алынғанымен облысаралық шекарада орналасқан №5 блокбекет өз жұмысын тоқтатпады. Осы орайда, Шыңғырлау аудандық мәслихаты депутаттары тосқауылда қызметте тұрған азаматтарға қолдау білдіріп, ыстық тағам беруді ұйымдастырды.

A3FE111F-7860-4459-9F80-030CAB7B1A3A

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Тағаниязов «Біз депутаттар корпусы атынан қыстың суық күнінде күндіз-түні өз қызметтерін абыроймен атқарып жатқан полиция мен шекара қызметкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Әйтсе де, «Қаңтар қасіреті» секілді жағдай енді қазақ тарихында орын алмаса екен» деді.

C7EFD658-A785-41C4-B153-746B119460CE

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі төтенше жағдай режимі басталғанда Алмаз ауылдық округінің маңынан өтетін Самара-Шымкент трассасының 510 шақырымында блокбекет орнатылған болатын. Онда аудандық полиция қызметкерлерімен бірге  шекара қызметкерлері де қызмет атқарады. Аталмыш блокбекет өз жұмысын ерекше өкім жарияланғанға дейін жұмысын тоқтатпайды.

F75B272A-48E4-4E4B-B779-D76B1804436A

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале