25.05.2021, 16:21
Оқылды: 69

Депутаттар - Тасқала ауданында

Жуырда Тасқала ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева келіп, кәсіпкерлермен кездесті.

0276C534-B99E-46D0-BE2E-7C808B859DDB

   Алдымен сенаторлар аудандағы сапарын «Шевченко» жеке кәсіпкерлігі тәлімбағының жұмысымен танысудан бастады. Тәлімбақ мемлекеттік қайтарымсыз грант есебінен құрылып отыр. Кәсіпкер М.Шевченко тәлімбақтың ауылдарды абаттандыру жұмыстарына зор көмек болатынына сенімді. Кәсіпкер сенаторлардан кездесуде осы салаға мемлекеттік қолдау болса, субсидия берілсе деген ұсынысын жеткізді. Одан соң сенаторлар жеке қосалқы шаруашылығында құс асырауды қолға алған А.Фрейдің шаруашылығын көріп, жұмысына тәнті болды. Атап өтсек, А.Фрей «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы, қайтарымсыз грант және өз қаражаты есебінен құс шаруашылығын дамытуды қолға алған ауыл азаматы. Сенаторлар жұмыс сапарын Бірлік елді мекенінде жалғастырды. Депутаттар мұнда былтыр іске қосылған су құю цехы және мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале