13.07.2021, 11:11
Оқылды: 69

Депутаттық фракция отырысы өтті

Бәйтерек аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Бибігүл Ахметжанованың төрағалығымен фракцияның кезекті отырысы өтті. Оффлайн-онлайн форматта ұйымдастырылған отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмагулов және фракция мүшелері қатысты.

A726E169-1269-4CB5-94AD-F50A98B6A60B

Жиында фракция басшысы Бибігүл Ахметжанованың 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы есебі тындалды.

Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатылуда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктері шегінде мүдделі мекеме-ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілуіне барынша атсалысуда.

Жиынды қорытындылаған фракция басшысы осы бағыттағы жұмыстарды атқару үшін депутаттар тиісті атқарушы органдармен тығыз байланыста болуы керек екенін баса айтты.

А.Кенжеш,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале