8.12.2021, 17:58
Оқылды: 47

Динара – тәрбиешілер үздігі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының тәрбиешілері арасындағы «Бала бағбаны» облыстық байқауда Ш. Жексенбаев атындағы мектеп-балабақша кешенінің тәрбиешісі Динара Амангелді І орынды жеңіп алды.

46

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырылған аталмыш байқау мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы тәрбиешілерінің шығармашылығын шыңдау, кәсіби құзырлылығын, әлеуметтік мәртебесін арттыру және педагогикалық шеберлігін ынталандыруды мақсат тұтқан. Онда өз бағын  балабақша, мектеп-балабақша кешендерінен 13, шағын орталық, мектепалды даярлық сыныптарынан 11 тәрбиеші қатысқан.

47

Байқауда қатысушылар «Менің ұстанымым – тәрбиеші», «Бастамадан нәтижеге дейін», «Ашық микрофон», «Тәрбиешінің демалыс күні» атты төрт бөлім бойынша өздерін таныстырып, жобасын қорғап, сұрақтарға жауап беріп, өнерлері мен шеберліктерін ортаға салды.

"Орда жұлдызы" газеті редакциясы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале