Қазақстанның қай жерінде қатты ыстық сақталады?
15 Тамыз 2022

Қазақстанның қай жерінде қатты ыстық сақталады?

Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
15 Тамыз 2022

Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды

15 Тамыз 2022

"Халық көтерген мәселе орындалды ма?"

Көгерісте медпункт жөндеуден өте ме?
15 Тамыз 2022

Көгерісте медпункт жөндеуден өте ме?

Мақсат орындалуы тиіс
15 Тамыз 2022

Мақсат орындалуы тиіс

Аз қамтылған отбасыға коммуналдық үй берілді
15 Тамыз 2022

Аз қамтылған отбасыға коммуналдық үй берілді

Дінге көңіл аударған жөн

Жуырда «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы-теолог Ризабек Батталұлы арнайы іссапармен Тасқала ауданына келді. Өзінің сапары барысында «Діни тұрақтылық – қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында аудандық мәдениет үйінде жиын ұйымдастырылды. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Тұрмағамбетов жүргізді. Оған мекеме және бөлім басшылары, құқық қорғау органдары қызметкерлері, студенттер, аудан тұрғындары қатысты.

дін (3)

Алдымен сөз алған аппарат басшысы Ержан Рысжанұлы қош келдіңіз айтып, ел аумағындағы дін мәселелеріне тоқталып өтті. «Жалпы ауылдастар, өздеріңізге белгілі еліміз көпдінді мемлекет. Қазақстан халық ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік жылдары еліміздің аумағындағы діни қауымдастықтардың саны 700-ден 4,5 мыңға дейін өскеніне, дін рухани өміріміздің негізіне айналып келетініне тоқталып өткен болатын. Сонымен бірге дінге оралу барлық бұрынғы социалистік елдерде, соның ішінде зайырлы мемлекет Қазақстанда да дін төңірегінде пікірталастар туғызды. Басқа елдердегі діни ахуал, сондай-ақ еліміздегі  діни қозғалыстардың мемлекетіміздің әлеуметтік психологиялық өміріне ықпал етуі бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналып отыр. Осы және басқа жағдайлар әртүрлі ой туғызып, жұртшылық арасында түрлі пікір қалыптасуда. Дегенмен дінтану ғылымының көкөжиегі кеңейіп, сонымен қатар көптеген елдер біраз тәжірибе жинады. Сол санаттың ішіне Қазақстан мемлекеті де кіреді. Сол себепті бұл бүгінгі жиынымызды ұйымдастырып отырмыз. Бұл басқосуда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүр сабақтастығы, дінге қатысты сіз бен біздің білуімізге қажетті ақпараттар талқыланатын болады», – деді өз сөзінде Ержан Рысжанұлы.

Одан кейін сөз алған «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы-теолог Ризабек Батталұлы дәстүр мен дін біте қайнасқан қазақы тәрбиенің маңызына тоқталып өтті. Сонымен қатар жат идеологияның құрығына түсіп қалмау үшін сақтану шараларын айқындап берді.

Діни тұрақтылықты қалай сақтаймыз?

  Отан – отбасынан басталады деген қазақта аталы сөз бар. Бұл сөзді әрбір кездесуімде қайталаймын. Және ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі дейді. Бірінші тәрбие талбесіктен, шаңырақтан бастау алуы керек. Бұл бірінші кезектегі мәселе. Біз кейде бала тәрбиесін ысырып қойғымыз келеді. Балабақшаға, қала берді, мектеп қабырғасына жүктейміз. Қала берді, университет қабырғасында тәлім алу керек деген тұжырымдарды айтып жатамыз. Негізі тәрбие талбесіктен. Бала сол шаңырақта ұлттық құндылықты, діни құндылықты сіңіруі керек. Өзінің мұсылман екенін, сол мұсылман дінінің ішінде Абу-Ханифа мәзхабы матруди сенім мектебін ұстанатынын, сол жолды бабалары ұстанып келгенін және сол жолдан айнымау керектігін білуі қажет. Осы қасиетті ұғымдар қара шаңырақтан бастау алуы керек. Ал енді бүгінгі діни ахуалдың нашарлауына бірден-бір себеп жастарымыздың ұяда діни құндылықты сіңірмеуі болып отыр. Ол тілін біліп шығуы мүмкін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білуі мүмкін. Дініміздің негізгі құндылығынан хабарсыз болғандықтан ол есейген кезде қате сенім-нанымдарға ұрынып жатыр. Сондықтан біз бірінші кезекте осы бала тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге мән беруіміз керек. Ол үшін бәріміз бүгінгі таңда осы діни ұстанымымызды дәстүрлі мәдениетімізге біте қайнасқан тілімізбен, дінімізбен, салт-дәстүрімізбен сіңіскен мұсылмандықтың қандай бағытын ұстанамыз және оның негізгі принциптері қандай, неден тұрады соны білуіміз қажет. Ал қазіргі біздің жат ағым деп жүрген кейбір ағымдар мен біздің бабаларымыз ұстанып келген исламның арасында қандай айырмашылық бар. Осы нәрселерді жастарымызға насихаттау –  міндетіміз. Сонда ғана біз бүгінгідей алмағайып заманда өскелең ұрпақты сақтап қаламыз. Қазір бұл діннің атын жамылған саяси топтар көп. Өйткені дін – қасиетті ұғым. Оны әрбір иманы бар адам құрметтейді. Сол діннің атын жамылып, исламның ішінен кейбір топтарды қолдан жасап, бізге арандатушылық жасап отырған сыртқы күштер де бар. Біз діни ағым, бағыттардың жетегіне еріп кеттік. Әлі де болса, қолымыздан келгенше жастарымызды, қоғамның белсенді өкілдерін сақтап қалуымыз керек. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды. Дін деген өте нәзік нәрсе. Нәтижесін, міне, бүгін көріп отырмыз. Қаншама ұл-қыздарымыз Сирия асып кетті. Жат елдерге, Ауғанстанға, Шешенстанға, тағы сол сияқты өзге мемлекеттерге барды. Қазақтың қара көздері қай жерде қандай діни төңкеріс болды сол жерден табылды. Себеп не? Себеп – діни сауатсыздық. Бұл жерде әрқайсымыз бірінші кезекте дініміздің негізін білуіміз керек.

дін (1)

Бабаларымыздың ұстанған жолы қандай?

Қасиетті ислам діні бұл қазақпен біте қайнасқан. Бабаларымыз бұны қабылдады. Мың жылдан астам уақыт біз осы дінді ұстанып келеміз. Дәстүріміз де осы дін негізінде қалыптасты. Қаншама үрдістеріміз бар. Бұл ислам ешбір ұлттың ұлттық құндылығына, тіліне, мәдени дәстүріне қайшы келген жоқ. Бұған тарих куә. Біз қазақ халқы ислам қабылдағалы, яғни оңтүстік аймаққа исламның дендеп енуіне мың жылдан асты. Сол уақыттан бері бұл ислам біздің тілімізді, салт-дәстүрімізді ұлттық мәдени мұрамыздың ешқайсысына қайшы келген емес. Қазақ, қазақ болып қалды. Өзінің киім үлгісін де, салтын да өзгертпеді. Сол секілді өзбек халқы да, тәжік халқы да, татар халқы да ешбір халық өзінің мәдениетін жоғалтпады. Исламды ұстанған халықтар ешқайсысы өзінің төл мәдениетін жойған жоқ. Қазіргі таңда бұл ислам арабтыкі деп бізді сол исламнан айырғысы келетін топтар бар. Сыртқы саяси күштер бар. Біз бұларға жол бермеуіміз керек. Арабтандыру дейді. Қазақ мың жылда араб болып кететін еді. Ислам мың жылда не тілімізді, не дінімізді, не мәдениетімізді өзгерткен жоқ. Сондықтан исламның мақсаты бір ұлтты жою емес, исламның бар мақсаты адамзатты бейбітшілікке үндеу, бұл дүниеге келгендегі мақсатын тану, аллаға құлшылық ету. Болды. Ислам бейбіт жолмен келді, бабаларымыз қабылдады. Сол дінімізбен біте қайнасқан мәдениетіміз бар. Ал енді бүгін бізді сол ұлттың мәдени құндылығымыздан, тарихымыздан ажыратып, бізді тағы бір сергелдеңге салғысы келетіндер бар. Сіздер жаңағы исламға дейінгі тәңір дінін ұстанғансыздар. Көк тәңірге табынғансыңдар. Біз осындай қауесеттерге жол бермеуіміз қажет. Біз исламнан айырылсақ, Абайдан айырыламыз. Көптеген бабаларымыздан айырыламыз. Бізге жаңа дін қажет емес, біз осы мың жыл ұстанып келген, бабаларымыз құптап келген қасиетті дінімізді ұстануымз керек. Біздің өте терең, бай мәдениетіміз бар. Біз бір халықтан мәдениет алатындай емес, өзімізге өзіміздің мәдениетіміз жететін халықпыз. Қазіргі біздер заманауи деп, жаһандық деп батыстың кейбір үрдісіне ауысып барамыз. Бұл бізге жақсылық әкелмейді. Біз төл мәдениетімізді ұмытпауымыз керек. Немқұрайлылықтың салдарынан жастарымыз жат ағымның жетегінде кетіп жатыр. Бұған біз неқұрайлы қарамауымыз керек. Қандай сұрақтар болсын имамға жолығуымыз қажет. Ата-анасынан бездіріп, қоғамнан бездіріп жат жерге алып кетіп жатқан бұл қандай ағым. Оның айырмашылығы неде деген сұрақтарды бізді жиі мазалайды. Дәстүрлі исламда дініміз негізгі үш тарамнан тұрады. Бірінші бұл наным, сенім. Яғни оны дінімізде ақида деп атайды. Екіншісі ол шариғат, үшіншісі ихсан. Адамның рухани тәрбиелену кезеңі дейді мұны. Осы үш негізде біздің дініміз насихатталады. Біз бір топтың қателігін ажырату үшін осыны білуіміз қажет.  Бір ұлт, бір тіл, бір діндегі халық болайық. Еліміз тыныш болысын! - деп сөзін аяқтады Ризабек Батталұлы.

Жиын барысында аудан тұрғындары дін төңірегінде сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале