20.07.2017, 11:17
Оқылды: 28

Долинге көгілдір отын жетеді

 

Теректі ауданы Долин ауылында «Ашық әкімдік» ашық есік күні өткізілді. Оған аудан әкімі Кәрім Жақыпов, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев және бөлім басшылары қатысты.


Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында өткен шараға долиндіктер белсене қатысты. Айта кету керек,«Ашық әкімдік» аясында облысымыздың біраз тұрғыны көкейінде жүрген түйткілді мәселелерін шешуге мүмкіндік алады. Әр сала бойынша бөлім басшылары тұрғындарды қабылдап, өтініштеріне сол жерде жауап береді. Долин ауылының тұрғындарын мазалайтын мәселе  – көгілдір отынның жоқтығы.       Аудан басшысы Кәрім Каримоллаұлы  газ жүргізу үшін жасақталатын құжаттардың дайын екендігін, 2018 жылы ауылға көгілдір отынтын келетінін тұрғындарға жеткізді. Жер мәселесі, жұмыссыздық, үлкен ауылда дәріхананың болмауы секілді өзекті жайттарды көтерген долиндіктерге нақыт жауаптар берілді.

Осындай кездесулер жиі болуын сұраған халық шараны ұйымдастырушыларға риза екендіктерін жеткізді.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале