28.09.2021, 10:57
Оқылды: 55

Достықты нығайтқан шара

Бәйтерек ауданына қарасты Достық, Трекин ауылдық округтер кітапханалары «Бір ел – бір кітап»  акция аясындағы «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап» жобасы мен «2021 жыл – Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына орай «Досыңмен оқығаныңды бөліс» атты ауқымды акцияны қорытындыланды. 

кітапхана

 

Шара халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға  адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу мақсатында оздырылды. Оған Трекин, Достық ауылдарының ғана емес, көршілес жатқан Володар, Чувашин, Новенький сияқты ауылдардың оқырмандары мен жастары қатысты.

Шара барысында Трекин ауылдық кітапханасының оқырманы Ж.Мұрат М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Достық ауылдық кітапханасының оқырманы А.Айбарова Б.Майлиннің «Күлпаш», Новенький ауылдық кітапханасының оқырманы А.Есетова Т.Әбдірайым «Алабұға аулаған күн», Володар ауылдық кітапханасының оқырманы А. Берікова С.Мұратбековтың «Жусан  исі» әңгімелерін нақышына келтіріп баяндап, достарына оқуға ұсынса, Чувашин ауылдық кітапханасының оқырманы М.Темірғали М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін, Достық ауылының оқырманы А.Нұралы Ә.Кекілбаевтың «Бәсеке» әңгімелерін видео арқылы жеткізіп, шара сәнін кіргізді. Сондай-ақ тағылымы мол кездесуге арнайы келген Гүлшат әже мен немересі Дәулет Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Қызықты шара барысында Чувашин ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Сатанова жас оқырмандарға викторина өткізсе, Новенький, Володар ауылдарының кітапханашылары Ляззат Дішенова мен Бақытнұр Темешова «Бір ел – бір кітап» акциясындағы балалар әдебиеті және жасөспірімдерге арналған «Балалар әдебиет әлемінде» атты кітап инсталляциясын ұсынып, ондағы әр оқулыққа шолу жасады. Ауылдар арасындағы достықты нығайтып, кітапхана оқырмандарының байланысын арттыруға үлкен сеп болған кеште Трекин ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары ардагер ұстаз Қ. Таубай мен клуб қызметкері С.Құспанов  жас шағында оқыған кітаптарымен бөлісті.

Шара соңында Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Ж.Жаңабаева сөз алып, тамаша кеш ұйымдастырған Трекин ауылының кітапханашысы А.Қадырәлиева мен Достық ауылындағы кітапхана меңгерушісі З.Кенжеғаливаға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ қатысқандарды алғысхатпен марапаттады.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале