5.08.2022, 18:00
Оқылды: 464

Дуанаға газ келді

Ауылын жандандырар жас отбасыларды қоныстануға шақырып отырған Дуана ауылына көгілдір отын келді.

1

Дуана – облыс орталығынан 145 шақырым, округ орталығы Сарыөмір ауылынан 25 шақырым қашықтықта жатқан шалғай  ауыл. 30 түтін, 120 тұрғын бар. Жері мал ұстауға қолайлы. Бір «әттеген-айы» - жас отбасылар жоқ, соның салдарынан бастауыш мектеп жабылу алдында тұр. Сондықтан, дуаналықтар  табиғи газ желісінің келуін «жастар келіп, ауыл толар» деген үмітпен ұштастырады.

- Ауылға жоғары қысымды газ желісінің тартылуы 2021 жылы басталған болатын. Мердігер "Әлия-Сервис" ЖШС өз жұмысын аяқтап, газ құбырын жеткізді. Ауылдағы әлеуметтік мекемелер – медициналық пункт пен бастауыш мектеп ғимараттары  әзірге желіге қосылған жоқ.  Ал,  ауыл ішіндегі газ құбырын тарту, тұрғын үйлерді қосуды ауыл тұрғындары  "Нұржан" ЖШС сеніп тапсырып отыр,- дейді  Шалқар ауылдық округінің әкімі Сабырбек Мусин.

Енді дуаналықтар тез арада жинақталып, үйге газ кіргізуге қам жасаса, алдағы қысты көгілдір отын қызуымен өткізер еді.

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале