21.08.2022, 12:01
Оқылды: 224

Дүбірлі көкпар ойыны өтті

Көкпар қазақтың қанына сіңген қасиеті, дәстүрлі ұлттық ойыны. Жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт түрі.

980a5c15-9978-41b8-aba1-4ff514e34287

Осы орайда Қаратөбеде Серік Ғалымжанұлын еске алуға арналған жаппай көкпар жарысы өтті. Ұлттық ат спортын дамыту және жастар арасында насихаттау бағытында ұйымдастырылған жарысқа Теректі, Сырым аудандарынан және Аққозы, Соналы, Үшағаш, Ханкөл ауылдарынан ат құлағында ойнайтын білекті де, жүректі 25 шақты шабандоз қатысты.

ec89a22a-72a5-4e2b-8e46-714db1bb6716

Ойынның алғашқы және соңғы «Өгіз өлді» салымында Соналы ауылының «Бірлік» көкпар командасының капитаны Мұратбек Табылдиев салып, көрермен көзайымына айналды.
Ат пен шабандоз сыналатын ойын тартысты әрі қызықты өтті. Барлық салым салынып, шабандоздар жүлдесіз қайтпады.

– Бүгінгі күні ауданымыздағы ұлттық спорт әлеуеті даму үстінде. Ұлттық спорт ойыны бұл біздің рухани байлығымыз. Ұлттық спорттың дамуы - рухани байлығымыздың дамығаны деп білеміз. Бүгін көкпар ұлттық ойындарды жаңғырту, жастарды осы ұлттық спорт түріне баулу мақсатында өткізілуде. Жеңісті күндеріміз бен жүректі шабандоздарымыздың қатары көбейе бергей, - дейді көкпарды ұйымдастырушы Думан Днишев.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале