6.02.2025, 11:00
Оқылды: 198

Дүниежүзілік сайлау күні аясында

Ақжайық ауданы, Чапаев ауылындағы «Өркен» коворкинг орталығында өткен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» зияткерлік ойынына сайлау комиссияларында бұрын қызмет еткен еңбек ардагерлері, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, белсенді сайлаушылардан құралған 3 топ қатысты.

сайлау (1)

3 кезеңнен тұрған ойында қатысушылар сайлау, еліміздің заңнамалары, өзге де салаларға қатысты сұрақтарда сынға түсті. Алғашқы «Сұрақ-жауап» кезеңінде топ мүшелері Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнамалар туралы сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде топ алдына қара жәшік әкелініп, оның ішінде жасырылған затты берілген анықтамаға сай табу керек болды. Соңғы кезеңдегі логикалық сұрақтар арқылы қатысушылардың креативтілігі, пайым деңгейі сыналды.

Нәтижесінде, еңбек ардагерлерінің командасы жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтеріліп, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерінен құралған команда екінші орынды, белсенді сайлаушылардың басын қосқан команда үшінші орынды еншіледі. Жеңімпаздарға Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров алғыс білдіріп, арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Әсем Есбек,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале