Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тайпақ спорт кешенінде асық ату, арқан тарту, пневматикалық винтовкадан ату және көңілді сөре спорт түрінен көпсайыс ұйымдастырды.
Оған Алмалы, Атамекен, Базаршолан, Базартөбе, Жанама, Тайпақ-30, Тайпақ-31 сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Тайпақ ауылдық округ әкімі Болат Шаленов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Светлана Стармаусова сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен бәсекеде Базаршолан ІІІ орын, Тайпақ-31 ІІ орын, Тайпақ-30 командасы І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар диплом, кубок, медальмен марапатталды.
Азамат Қанапия,
Ақжайық ауданы