2.03.2024, 23:18
Оқылды: 7

Дүниезжүзілік азаматтық қорғаныс күні: Казталовта оқу-жаттығу жұмыстары өтті

1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Атаулы күн 1992 жылы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен белгіленді. Ұйымға Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 31 қазанында толық құқықты мүшесі болып кірді.

IMG-20240302-WA0071

Апат айтып келмейді. Оның қашан болатынын да нақты ешкім біле алмайды. Бірақ сол орын алуы ықтимал табиғи жағдайға әзір болу, оның алдын алу, тілсіз апаттардан сақтану болып табылады. Казталов аудандық ауруханасының қызметкерлерін эвакуациялау ретінде сыртқа шығарылып, қауіпсіз аймаққа жеткізілді.

Нәтижесінде оқу-жаттығу жұмыстары өз дәрежесінде өтіп, аурухана қызметкерлері төтенше жағдайларға дайын екені анықталды.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу әр мемлекеттің қауіпсіздігін қалыптастыруға үлес қосатын басты функцияларының бірі.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале