29.08.2023, 23:49
Оқылды: 67

«Дүркін-дүркін жарылыстар болып жататын…»

Семей ядролық сынақ полигоны (сынақ кезінде СССР қарулы күштері министрлігінің № 2 оқу полигоны деп аталған) – 18,5 мың шаршы шақырымды құрайтын үлкен аумақ. Қазақстанның қазіргі картасына қарасақ, полигон Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының бір бөлігін алып жатыр.

372899057_748520613950833_6251032413572457406_n

Ядролық сынақ -  біздің ел тарихында қасіретті із қалдырған, зардабы орасан оқиға. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. Совет одағы 40 жыл ішінде полигонда ядролық қарудың кем дегенде 468 сынағын өткізген.

372898028_748520550617506_3633367774599779514_n

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапханада Семей ядролық полигонының жабылғанына 32 жыл толуына орай ауданымызда аталған аймақта әскери борышын өтеген, сол жерде тұрған, оқыған азаматтармен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық аурухана басшысы Руслан Ахметжанов, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Артур Берденов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов және аудан жастары қатысты. Аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған шарада аудан әкімі Зәйлім Мәжитова ядролық полигонның зардабы, оның жабылу тарихы жайында сөз қозғап, шараға арнайы шақырылған азаматтарды ашық пікір алаңына шақырды. Мерекелік дастархан аясында емен-жарқын пікір алмасқан азаматтар өздері әскери борышын өтеген кездерге ойша саяхат жасап, ядролық сынақ полигонында көрген жайттармен бөлісті. «Дүркін-дүркін жарылыстар болып жататын. Көп нәрселерді бізге айта бермейтін. Әскер қатарында берілген тапсырмаларды ғана орындап жүретінбіз» дейді азаматтар өз естеліктерінде. Тіпті кей ағаларымыз «ядролық полигон аймағында қызмет етіп жүргенімізді білмедік» деді өз сөздерінде. «Дегенмен полигон зардабы қанша жыл өтсе де жойылмай, бүгінде өн бойымызда түрлі ауру ретінде көрініс тауып жатыр» дейді полигон аймағында болған ел ағалары.

372976489_748520500617511_3289084198342688185_n

Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, жеңілдіктер, сауықтыру орталықтарына берілетін жолдамалар жайында сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді. Кейбір көтерілген мәселелер аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуовтың басты назарына алынып, алдағы уақытта бірлесе жұмыстар атқарылатыны айтылды. Мерекелік кездесуде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жанды дауыста әннен шашу шашып,  шағын сый-сияпаттар табыс етілді.

371103051_748520530617508_115499470671194670_n

372902969_748520253950869_6637953651249887375_n



Жансая Жұмажанқызы
,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале