7.12.2023, 17:15
Оқылды: 40

Дзюдо спортынан жарыс басталды

Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде дзюдо күресінен 2011-2012, 2013-2014 және 2015-2016 жылғы жасөспірімдер арасында «Сұңқар» спорт клубының ашық біріншілігі өтіп жатыр. 

IMG_20231207_161012
Жарысқа Ақтөбе облысынан екі, Орал аласынан төрт, көрші аудандардан жеті және Бөрлі ауданы атынан екі команда қатысып жатыр.

Ашық біріншіліктің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев, жарыстың бас төрешісі Шахмардан Амиров, «BP STROY 2050» ЖШС директоры Айбол Жұманов, «Дока Строй Ком» ЖШС директоры Азамат Таженов, «Глобал Аксай» ЖШС директоры Талғат Кенжегорин және «Сұңқар» спорт клубының директоры Теміржан Көлбайлар қатысты.

Салтанатты шараның қонақтары сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

25b0518f-9af8-4e46-87d9-57fdb07ed366

Жарыс екі күнге созылып, 29 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр.

- Биыл «Сұңқар» спорт клубының ашылғанына екі жыл болды.

Осы екі жылдың ішінде біраз жетістікке жетті.

Алдағы уақытта да талай жарыс өткізіп, жеңіске жетеміз деп ойлаймыз. Біздің спорт клубтың есігі спортты жақсы көретін балаларға әрқашан ашық. Біз «Даму бала» атты бағдарлама бойынша жұмыс жасаймыз. Бізге келіп, қатысу тегін және жаттығу аптасына үш рет болады, - дейді «Сұңқар» спорт клубының директоры Теміржан Нұртасұлы.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар, сыйлықтар және арнайы медальдармен марапатталады.

Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале