22.10.2022, 17:15
Оқылды: 33

Егемендігіміз айшықталған ұлттық мереке

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы аудандық мәдениет үйінде Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға аудан әкімі Рүстем Зұлқашев қатысып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

2

- Баршаңызға белгілі, 2022 жылдың 16 маусымында өткен Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірқатар мәлімдеме жасады. Президенттің бастамасымен тиісті заңға өзгеріс енгізіліп, депутаттар қолдап, ағымдағы жылдан бастап Республика күні қайта тойланатын болды. Азаттық – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі болды. Қазақстанның егеменді ел ретінде танылғанына, міне, ширек ғасырдан асты. Республика күні сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек.  Республикамыздың ең басты тұғыры, қоғамның рухы, жігері. Бұл күн  – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын! - деді аудан әкімі өз сөзінде.

8

Жиында Мензипа Купбаева, Жанар Муканова, Абзал Насиоллаға облыс әкімінің алғысхатын, Бауыржан Қабдолұлы, Саламат Хайруллинге Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері агентігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғысхатын табыстады.

11

Ал жеке кәсіпкер Руслан Сарбаев Астана қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың алғысхатымен марапатталды. Аудан әкімінің алғысхатына Сәрсенғали Рахметов, Шолпан Жазитова, Мина Дукеева, Амангелді Жаубаев, Баян Шындаулетова, Әлібек Айтжанов, Ержан Мұхамбетов, Жасұлан Темірханов, Аружамал Бақтығұлова, Күнсұлу Темірболатова, Салауат Темірғалиев, Қайдар Гайсин, Гүлжанат Тастемірова, Айымгүл Кенжеғалиева, Спартак Өзенбаев, Маржан Зайнушева ие болды.

3

Салтанатты жиынды С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары мен «Қарлығаш» халықтық би ансамблі, Саз мектебінің ұжымы жырдан шашу шашып, қазақи нақыштағы жаңа билер және күймен жалғады.

9

Бостандық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсел Асылбекқызы мереке қарсаңында ант қабылдады.

10

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале