24.05.2025, 9:00
Оқылды: 91

Егіндібұлақтықтар сүтті ешкі шаруашылығын дамытуға ниетті

​Бәйтеректе үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға былтыр шекарада орналасқан 8 ауылдан 54 жаңа пәтер берілген еді. Жаңадан салынған бұл баспаналардың 8-і Егіндібұлақта бойкөтерді. Қыста қоныс тойын тойлаған олар бүгінде аталмыш ауылдың түтіні түзу шығуына, тірлігінің түлеуіне үлестерін қоса бастады.

IMG-20250523-WA0009

Егіндібұлақ ауылында өткен есептік кездесу кезінде аталмыш округ әкімі Ринат Ескендіровтің айтуынша, бұл баспаналарға Переметный ауылынан екі көп балалы жанұя және Үлкен Шаған мен жергілікті толық емес отбасылар қоныстанды.

IMG-20250523-WA0005

Міне, солар мал ұстап, ауылдарстарына ақ ұсына бастады. Мәселен, көп балалы Сүлейменовтар отбасы қазір бес бас сиыр сауып отыр. Олар аптасына 1000 дана құрт жасап, әрбірін Оралға 50 теңгеден тапсыруда, одан бөлек май-қаймағын сатып, апта сайын отбасылық бюджетке 100 мың теңге кіріс кіргізуде. Алдағы уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, кәсібін дамытуға ниетті. Егіндібұлақтық тағы бір тұрғын сүтті бағыттағы ешкі шаруашылығына ден қоймақшы. Оған ауданымызға келіп, бұл бағытта шеберлік сағатын өткізген маңғыстарулық шаруалардың ісі үлгі болса керек. Ол да аталмыш бағдарламаға иек артуда.

IMG-20250523-WA0008
- Біздің басты мақсатымыз – «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында АШӨК құру. Үгіт-насихат іс-шаралары жүйелі түрде жүруде. Қазір ауылда ірі қарадан асыл тұқымды аталық малдың жетіспеуіне байланысты мәселе туындап отыр. Соған орай тұрғындарға кооперативке бірігу туралы ұсыныс жасалды. Егер АШӨК құрылса, бұл мәселе күн тәртібінен түседі. Тұрғындар одан бөлек демеуқаржы да ала алады. Ауылдастарымыз мұны ұғынып ойлана бастады,-деді Ринат Маратұлы.

IMG-20250523-WA0007
Егіндібұлақтықтардың бұл істеріне оң бағасын берген аудан әкімі Марат Тоқжанов «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде қанатын кеңге жайған маңғыстаулық «Жеті лақ» қожалығының ісі үлгі екенін айтты. «Бұл қожалық иелері өздерінің ізденіс, талпыныстарының арқасында Еуропа ешкі шаруалары қауымдастығына мүше болып кіріп, Голландияда ірімшік жасаушылар арасында өткен байқауға ешкі және түйе сүттерінен жасалған ірімшік және иогуттарымен қатысып, нәтижесінде өнімдері үздік деп танылған, - деді Марат Лұқпанұлы.- Артынан сапа серификатына байланысты еуропалық комиссия Маңыстауға келіп олардың шаруашылығымен танысып, тиісті құжаттарды рәсімдеген. Соның нәтидесінде Маңғыстау облысында өндірілген түйе мен ешкі сүттерінің өнімдері Еуропа нарығына еркін шыға бастады. Қазір бұл шаруашылық ай сайын 5-15 млн. теңге аралығында таза пайда табуда. «Жеті лақтың» жетекшілері Бәйтерекке келіп, ауданымыздың әлеуетін көріп, жағаларын ұстап кетті. Себебі бізде шөп те бар, жем де бар, жердің өзі шұрайлы, ауа-райы да қолайлы.

IMG-20250523-WA0006

Сондықтан егіндібұлақтықтардың маңғыстаулықтар секілді сүтті ешкі шаруашылығын дамытуына тілектеспіз. Тәуекел еткен, еңбек қылған адам мақсатына жететінін өмірдің өзі көрсетіп отыр».

Серік МАРАТҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале