24.01.2018, 12:22
Оқылды: 20

Егіндікөлде ауыз су бағасы арзандаған

 

Қаратөбе ауданы әкімінің есеп беру жиналысы Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінен бастау алды.

Аудан әкімі Жанат Асантаев елдің қозғаушы күші саналатын ауыл шаруашылығы  саласы бойынша атқарылған жұмыстарға айрықша назар аударды.

Ауданның құрылыс саласында да оң серпін байқалады. 18 тұрғын үй пайдалануға берілген. Сегіз бірпәтерлі тұрғын үйдің құрылысы және 14 пәтерлі үйдің  инженерлік-комуникациялық желілері құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қаратөбе ауылында бірпәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Аудан бойынша 18 елді мекенге көгілдір отын жеткізілген. Орталық монша ғимараты және бір бос тұрған ғимарат жөнделіп, Кәсіпкерлер үйі пайдалануға берілді.

Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллиннің айтуынша, округте  «Қызылжар-2» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, көптен өзекті болып келген тұрғындар иелігіндегі малдарды бақтыру мәселесінің түйіні шешіліпті.

Шөп шабу науқанында жем-шөп қоры жеткілікті мөлшерде дайындалған. Халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмысы өз деңгейінде жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік жеңілдіктің арқасында ауыз су бағасының литрі 20 тиыннан 4 тиынға арзандаған.

Әкімдердің есеп беру жиналысы түстен кейін Қоскөл ауылдық округінде жалғасты. Қоскөл ауылдық округінің әкімі Берік Жақсығалиев округтегі салалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарлы жұмыстарға тоқталды.

Қоскөл ауылындағы есепті жиында ауыл тұрғындары Серік Нығметов, Даниял Қаресов, ауыл ақсақалы Әзербай Кенжеғалиев ауылдағы тазалықтың сақталуы, республикалық маңыздағы «Шымкент-Самара» тас жолынан Қоскөл ауылына дейінгі 9 шақырым және аталмыш тас жол мен Ханкөл ауылы аралығындағы жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, округтегі Шалғын ауылына ауыз суын тарту, Қоскөл ауылының іргесіндегі көлтабан көлемін кеңейту, Аққұмның құмын шыны жасауға пайдалану туралы ойларын ортаға салып, аудан-ауыл әкімдерінің жұмыстарына оң бағаларын берді.

                                                                  Ерболат РАЙСОВ,

                                                                  Егіндікөл - Қоскөл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале