19.12.2019, 16:34
Оқылды: 157

Егіндікөлде үстел теннисінен жарыс өтті

Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округіне көршілес Қоскөл ауылдық округінен спортшылар келіп, үстел теннисінен тартысты сайыс өтті.

qaratobe egindikol (1)

Жарыстың мақсаты - жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, достық қарым-қатынасты нығайту. Бұл жолғы ойынға 20-ға жуық спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Ойын қорытындысында ерлер арасынан І орынды қоскөлдік Қуаныш Тұрмағанбетов иеленсе, қыздар арасынан І орын егіндікөлдік Жадыра Айтқалиеваға бұйырды.

Одан кейін ауыл әкімдігі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы жалғасты. Акцияда тегін киім-кешек сөресі ашылып, жағдайы төмен отбасылар өздеріне қажетті заттарын алды. Осы күні ауылдық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де өтті. Яғни, ауыл тұрғындарына төмен бағамен ет, тары-талқан, сүт, айран, сары май, құрт, ірімшік, бау-бақша өнімдері саттыққа шығарылды. Жәрмеңкеге негізінен қайтарымсыз грант иелері, «Zhas Project» бойынша грант ұтып алғандар және ауыл тұрғындары өнімдерін әкелді.

Шара ауылдық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының  концертпен қорытындыланды.

Тоты Есқайрова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале