БҚО әкімі Ғали Есқалиев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
28 Маусым 2022

БҚО әкімі Ғали Есқалиев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Қазақстанда БАҚ саны жыл сайын артып келеді
28 Маусым 2022

Қазақстанда БАҚ саны жыл сайын артып келеді

Смайылов БАҚ  өкілдеріне: Бірлескен күш-жігеріміз Үкімет жұмысын тиімді етеді
28 Маусым 2022

Смайылов БАҚ өкілдеріне: Бірлескен күш-жігеріміз Үкімет жұмысын тиімді етеді

ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
28 Маусым 2022

ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Журналист болғың келе ме?
28 Маусым 2022

Журналист болғың келе ме?

Баланың тәрбиелі болуы отбасынан
28 Маусым 2022

Баланың тәрбиелі болуы отбасынан

24.05.2022, 15:30
Оқылды: 32
Екі көшеге электр желісі керек

Теректі ауданының әкімі Тілек Ғабдушев тұрғындармен жүздесуін жалғастырды. ҚР Президентінің 2022 жылғы 7 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі ауылдарда тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу өткізіп отыруы тиіс.

IMG-20220524-WA0021

ІІ тоқсандағы кездесулер легін 11 мамыр күні Шағатай ауылдық округінен бастаған аудан әкімі 20 мамырда Теректі ауылында тәмамдады.

Жұмыс кестесіне сай, дүйсенбі, яғни16 мамырда Тілек Ғабдушев екі ірі әкімшілік бірлік  – Шаған және Подстепный ауылдық округтерінде халықпен дидарласты.

Шаған округінің орталығы – Жаңа Өмір ауылындағы кездесуде электр бағандарын жөндеу, ауыз су бағасын субсидиялау жайы сөз болды. Сонымен бірге ауылдан Орал қаласына жолаушы тасымалдаушылардың көлігін салық органында заңдастыру мәселесі көтерілді. Жыл сайын айтылып келе жатқан ауыл шетіндегі бұрынғыдан қалған мазут пен селитра ошағын қоршау жөнінде аудан әкімі нақты тапсырма берді.

Подстепный ауылындағы кездесуде де тұрғындар электр қуаты мәселесін айтып отыр. Олар Алтын орда және Қазыбек би көшелеріне электр желісін тартуды сұрайды.

IMG-20220524-WA0020

Келесі күні кездесу Ақсуат және Новопавлов ауылдарында болды.

Бұл округтерде қордаланған мәселелер жоқ екен. Тек Новопавловта Құнанбаев көшесінің көктемгі су жырған жерлерін жөндеу, мал моласын салу қажет көрінеді.

Сәрсенбіде Покатилов және Долин ауылдарында кездесу өткізген аудан әкіміне тұрғындар  денсаулық сақтау саласына қатысты сұраныстарын айтты. Мысалы, Покатилов ауылына аудандық емхана дәрігерлерінің оңтайлы тобы келсе деген ұсыныс бар.

Одан соң Приречный және Богданов ауылдық округінде болып, халықпен кездескен аудан әкіміне тұрғындар тарапынан айтылған сауал-мәселелер күнделікті тірлікке байланысты болды. Тек Приречный округі аумағындағы Қараоба өзенінің бөгеті қалпына келтіріп, жөндеуді қажет етеді. Жергілікті тұрғындар су қоймасының жағдайына алаңдаулы.

20 мамыр күні Теректі ауылындағы кездесуде халық ауыл көшелерін жарықтандыру, жол жөндеу жайын айтты.

Әр ауылдағы кездесуде аудан әкімі алдымызда тұрған үлкен шара – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге байланысты жарияланған референдум жайында түсінік берді. Кездесу аяқталған соң, жұмыс тобымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.

 Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале