9.04.2021, 23:09
Оқылды: 132

Екі сиыр, он алты қоймен басталған кәсіп

Сырым аудандық мәслихатының депутаты, "Бекжан" шаруа қожалығының жетекшісі Ернар Байдашев «Сырымдағы сұхбат» жобасының қонағы болды. "Syrym Jastary" коворкинг орталығында өткен кездесу елдегі пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта өтті.

90DE5DE6-2DD2-470F-938B-EB0E949D9A76

Әйтсе де, аудан тұрғындары жастар ресурстық орталығының Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің тікелей эфиріне кіріп, белсенділік танытқандығын да айта кету керек.

Ернар Болатұлы Сарой ауылдық округіне қарасты Қызылтаң елді мекенінің перзенті.

- Қаршадайымыздан әкемізбен бірге еңбекке араласып өстік. Әкемнің еңбекқорлығын көріп өскен менің де  "кәсіпкер болсам", "қожалығым болса" деген балаң көңілім, ержете келе мақсатыма айналды. Алғашында "Бекжан" шаруа қожалығын "тәуекел" деп екі сиыр, он алты қоймен ашқан едік.

Бүгінде шаруашылығымыздың тасы өрге домалады.

Әкем үнемі айтатын "атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген ұстаным да ұдайы ойымда. Қазіргі таңда Қызылтаң елді мекеніне 200 түп ағаштарын отырғызуды қолға алсақ, күзде 500, бірер жылда жалпы Сарой ауылдық округі бойынша 1000 түп ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз.

B06CC2C6-80DA-4B8D-9137-EF87BB9F7E1F

Одан бөлек, егін шаруашылығын да қолға алмақ ниеттеміз. Жалпы жоспарда, көкейде жүрген істер көп. Бірақ оның бәрін ауылдастарымыздың қолдауының арқасында жүзеге асыратын боламыз,- дейді Ернар Болатұлы.

Әлеуметтік желі қолданушыларынан көптеген сұрақтар, тілектер келіп түсті. Әйтсе де, ерекше атап өтетіні, "алғабастық Шәмші" атанған Нұрлан Төлеуішовтің "жылына екі-үш әнге оранжировка жасауда қаражат қолбайлау болып тұр" деген қынжылысына Е.Байдашев демеушілік жасайтынын айтып, қуантты.

Жоба соңында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болаттың атынан алғысхат және естелік сыйлық табысталды.

Бүгінгі жоба шығарылымы да ерекше болды. Сырым аудандық ресурстық орталығының YouTube каналына, Instagram парақшасында әрбір жоба қонағымен болған сұхбат жарияланып отырмақ.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале