5.08.2023, 13:13
Оқылды: 25

«Эко әлем» тазалық акциясы

Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен, аудандық аурухана, ауданаралық сауықтыру оңалту орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапхана жұйесінің қолдауымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Эко әлем» облыстық сенбілік акциясы аясында «Соркөл» жағалауын тазалау жұмыстары жүргізілді.

photo1691218734

- Бұл тазалық акциясына аудан жастары болып қатыстық. «Соркөл» жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізе отырып, келушілер мен демалушыларға тазалықты сақтайық деп айтқымыз келеді. Осындай жастарымызға әрқашан сенбіліктерге қатысып, тазалық акцияларын қолдауларын сұраймыз, - деді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бас маманы Айзада Асланқызы.

photo1691218734 (1)

Әр адам тазалықты өзінен бастағаны жөн. «Біз үшін жинайтын адам бар» - деген ойдан арылайық ағайын.

photo1691218701 (2)

photo1691218701 (1)

photo1691218701

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале