1.11.2024, 23:00
Оқылды: 71

Ел анасы Сәуле Мешітбаева Теректі ауданына келді

Бүгін Теректі ауданына Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, "Қазақстан дәуірі" газетінің, "Мөлдір бұлақ" балалар жорналының һәм "Ел-ана" қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбаева келді.

IMG_6522

Елдің анасы атанып, еңбекжолын ұстаздық қызметтен бастаған ол су тасқынан зардап шеккен халықтың жағдайын білуге асықты. Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова бастаған топ қарсы алып, тұрғындардың шаңырағына бастап барды.

Сәуле Мешітбайқызы Қазбек би және Бейбітшілік көшесінің тұрғындары Күләш Мұханбетжанова мен Меруерт Ғаббасованың үйіне аялдады. Екеуінің баспанасы су тасқыны кезінде жарамсыз болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жаңа тұрғын үйге кірген.

IMG_6545

Күләш әжеміздің қуанышында шек жоқ. Бұған дейін қарапайым үйде күн кешкен ол сапалы баспағана кіргеніне дән риза. Әуелі Президентке алғысын айтып, тапсырманы жүзеге асырған облыс, аудан, ауыл әкімдіктеріне лебізін білдірді.

– Жаратқанның жіберген табиғи апаты бәрімізді әбігерге салғаны рас. Мұны бірлігіміздің арқасында жұмыла еңсердік. Қолымда кіші қызым бар. Жолдасы бақилық болды. Қиын-қыстау кездің өзінде аз ғана уақыт ішінде жап-жаңа үй тұрғызды. Осындай қолдау көрсеткен билік тізгінін ұстағандарға шексіз алғыс айтамын, - деді әжей өз сөзінде.

IMG_6567

Теректі ауданына атбасын бұрған Сәуле Мешітбаева барған көшелер бұрын ми батпақ болған. Осы тұста жүрген жеріне жол салуды көздейтін Әлия Биғазықызына ризашылық білдірді. Сексеннің сеңгірінен асқан ақжаулықты ана қазір бақша егіп, тұрмысының қайта қалыпқа келгенін жеткізді. Бақшасын көрген басшылар таңырқап қалды.

IMG_6555

Дәл осындай ентелеп кірген судан зардап шеккен Меруерт Қаздұққызы да Сәуле Мешітбайқызыдай зейнеткерлікке ұстаздық қызметті тәмамдап шыққан. Саз мектебін алға сүйреген оның шәкірттері әлемдік додаларды бағындырыпты. Ұстаз бен ұстаз тіл табысып, ұзақ әңгіме өрбіткен басқосу өзгелерге де ұмытылмас әсер сыйлады. Білім беру бөлімінің, шәкірттердің жетісітігін жарыса айтып, болашаққа сенім білдірді.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале