20.11.2022, 11:28
Оқылды: 24

«Ел ертеңіне сенеміз»

Еліміздің маңызды оқиғасынан шет қалмай, Бөрлі ауданы Қызылтал ауылындағы №91 сайлау учаскесіне Исақұловтар отбасы да балаларымен бірге келді. Еліміздің болашағына атсалысып, ел Президентін сайлауға жұдырықтай жұмылу керек екенін түсінгендіктерін айтады.

ИС4 (1)

-  Ел дегенде еміренетін, тіл дегенде тебіренетін әрбір азамат осы сайлауда елінің келешегіне, халықтың тағдырына бей-жай қарамайтынын көрсететін сәт туды деп ойлаймыз. Сондықтан бізде әлемде болып жатқан өзгерістерді көре отырып, еліміздің тізгінін ұстар Президентіміз жаңа Қазақстанды құру бағытындағы маңызды да қажетті шешім қабылдайды деп сенеміз. Сондықтан барша бөрліліктерді бүгінгі Президент сайлауына бір кісідей атсалысуға шақырып, әрбіріміздің дауысымыз ел келешегі үшін маңызы бар екенін айтқымыз келеді, - деп өздерінің ел тағдырына алаңдаушылықтарын білдірді.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале