4.06.2023, 11:39
Оқылды: 22

«Ел рәміздері – еркіндік нышаны»

Қаратөбе ауданындағы орталық саябақта Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік шарада алдымен тутұғырға еліміздің туы көтеріліп, әнұран орындалды.

Рәміздер күні (4)

Барша қаратөбеліктерді аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы айтулы мерекемен құттықтады.

– 1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні деп бекітілгені баршаға белгілі. 

Біздің санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздеріміздің мерейлі мерекесі баршамыз үшін маңызды.

Өйткені, Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның ерекшелігі сол: Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Әнұраннан бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!- деп атап өтті аудан басшысы. 

Рәміздер күні (1)

Мерекеге орай аудандық мәдени-демалыс орталығының әншілері ән шырқап, салтанатты шара соңы Рәміздер күніне арналған автошерумен аяқталды.

Рәміздер күні (5)

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале