30.11.2021, 15:50
Оқылды: 35

Елбасы кәсіпкерлікті қолдайды

Кез келген елдің экономикасы кәсіпкерлікке сүйенеді. Тәуелсіздік алған жас мемлекеттің тұтқасын ұстаған Тұңғыш Президент мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуына шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болатынын жақсы түсінді және білді.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 15.21.19

 

Ел дамуының бағыт-бағдарын айқындаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ол шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдарын баяндап, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлген болатын. Содан бері де осы ұзақ мерзімді үлкен бағдарлама негізінде халық үшін тиімді, ел экономикасын нығайтатын іс-шаралар жүйелі жүзеге асып келеді.

«Қазақстан -2050» стратегиялық бағдарламасы шеңберінде ауылдағы  кәсіпкерлер санын арттыруға мүмкіндік берген бағдарламалардың бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы екені сөзсіз. Осы жылдар ішінде мыңдаған қазақстандық осы бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз қаржы алды. Сөйтіп, өз ісін ашып, кәсіпкерлікке бет бұрды.

Сондай жанның бірі - сарыөмірлік Дархан Махамбетов.

– Мен биыл мемлекеттік бағдарлама арқылы грант  иелендім.  Қайтарымсыз 583 400 теңгеге жас жарымдық асыл тұқымды қашар, қысқыға жетер жем-шөп алдым. Жоспарым – мал басын көбейту. Сол арқылы табыс табу. Тұңғыш Президентіміз бастамасымен қолға алынып, жалғасын тапқан осындай халықтық жобалар өміршең болсын,- дейді ол.

Ия, мемлекет бүгінде кәсіпкерлердің  өз қызметтерін жүзеге асырылуына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Елімізде шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істеуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылып үлгерді. Кәсіпкерлерді қолдауға арнайы бағдарлама-жобалар бар. Бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға, дамытуға  бағытталған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осындай  шаралар іске асып жатқан Қазақстан аз жылда-ақ әлемдегі кәсіпкерлік жасауға ең қолайлы мемлекеттердің қатарынан табылады. Әрине, бұл жұмыстардың басында тек бір ғана адам тұр: ол – Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале