6.12.2021, 15:20
Оқылды: 101

Елбасы күніне арналған жарыс

Жаңақала аудандық спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған баскетболдан ерлер командалары арасында аудан біріншілігі өтті.

40

Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 11 команда қатысып, бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатына аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әлихан Досмұхамбетов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсан Есекенов, аудандық «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қатысты. Одан әрі Қазақстанның көк туы желбіреп, әнұранымыз шырқалды.

39

Спорттық шара барысында құттықтау сөз сөйлеген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатұлы бақ сынауға келген командаларға сәттілік тіледі. Жарыстың ашылу салтанаты аяқталған соң Жаңақазан, Көпжасар, Қызылоба, Жаңажол, С.Меңдешев ауылдық округтері, Айтпай елдімекені, Жаңақала орта мектебі, №3 орта мектебі, Жаңақала колледжі, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Жаңақала мешітінен сақадай сай тұрған ойыншылар жарысты бастап кетті. Тартыстқа толы бәсекеде Қызылоба ауылдық округі I орынды иеленіп жеңімпаз атанса, Жаңақазан ауылдық округі II орынға, Жаңақала орта мектебі III орынға табан тіреді. Бұдан бөлек, топтан оза шыққан ойыншылар да арнайы марапаттарға ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясы Мұрат Хамитовқа (Қызылоба ауылдық округі) берілді. Ал Даниэль Валитов (Жаңақазан ауылдық округі) «Үздік шабуылшы» атанды. «Үздік қорғаушы» аталымын Мерей Есімов (Жаңақала орта мектебі) еншіледі. Жүлделі орындарға ие болған спортшылар Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале