26.03.2021, 21:12
Оқылды: 49

«Елбасы медалімен» марапатталды

Еліміздегі «Елбасы медалі» бағдарламасы – еліміздегі ұлттық деңгейде өткізіліп отырған жалғыз бағдарлама. Бағдарлама негізгі 7 бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. 14 жас пен 29 жас аралығындағы жастар қатысатын бұл бағдарлама олардың өз уақытын тиімді әрі дұрыс басқаруына септігін тигізеді әрі салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі даму үстінде болуға баулиды.

3A1FDD41-9C6F-42DD-840A-A704E28E3F8E

  Үлкен еңбектің арқасында, нәтижеге жеткен жандар арасында ауданымыздың қос тұрғыны да бар. Екеуі де Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары. Кішкентай болса да үлкен дәрежеге жеткен Ботагөз Қармысова – қазіргі таңда 10-сыныпта оқыса, талантымен, марапаттарымен ел аузында жүрген Нұргүл Байғалиева биыл мектеп бітірмек.

   Осы «Елбасы медаліне» ие болған қос оқушыны аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қабылдап, жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да терең білімдерімен биіктерден көрінулеріне тілектестігін білдірді.

 Айбарша Аймырзақызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале