30.07.2021, 12:03
Оқылды: 73

Елбасы тестін тапсырды

Бәйтерек тұрғындары «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы» тестілерін тапсырды. Переметный ауылындағы «Олимп» стадионында өткен спорттық шараға аудан орталығындағы бөлім, мекеме жұмысшылары мен қарапайым тұрғындар қатысуда.

IMG_6172

Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараға келгендер 100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, жерден кеудені көтеру, кермеге тартылу және граната лақтырудан тест тапсырды. Нәтижелері де жаман емес.

IMG_6166

-Елбасы тестін тапсыруға адам көп жиналды. Әсіресе, нәзік жандылардың үлкен қызығушылық танытқаны қуантады. Жалпы көрсеткіштер жаман емес. Келген азаматтардың біразы белгіленген нормативтерді орындап шықты, – дейді аудандық «Бәйтерек» спорт клубының әдіскері Эльдар Кушубаев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале