7.05.2026, 13:00
Оқылды: 0

«Елді қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы»

Переметныйда Қарулы күштердің құрылғанына 34 жыл толуына орай «Ерлер жолы – ел жолы» атты мерекелік шара өтті.

image-06-05-26-11-40-3

- Отан қорғаушылар күні - әр мемлекет үшін маңызды мереке. Елді қорғау - әр азаматтың қасиетті парызы. Тарихымыздан қаншама хандарымыздың, би-сұлтандарымыздың, батырларымыздың осынау жерімізді сақтау үшін қанын да, терін де төккенін білеміз. Біз - соның жемісін көріп отырған бақытты ұрпақпыз. Бүгінгі таңда әлем елдері қиын жағдайды бастан кешуде. Қаншама қарулы қақтығыс орын алуда. Сол себепті Отан қорғаудың маңыздылығы зор. Бүгінгі мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, аспанымыз ашық, дұшпанымыз қашық болсын, Қарулы күштеріміздің айбыны арта берсін деп тілек айтамын,-деді өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Марат Тоқжанов.

image-06-05-26-11-40
Салтанатты шара барысында бір топ құқық қорғау құрылымы, әскери сала, шекара қызметінің өкілдері марапатталды. Мәселен, БҚО полиция департаменті бастығының Алғыс хатын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Тұрарбек Абдулов алды.

image-06-05-26-11-40-15

Ал аудан әкімінің Алғыс хаты табысталғандардың ішінде Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктіліген бөлімінің бөлімше бастығы, майор Нұртай Мағазов, осы бөлімнің инспекторы Анаргүл Жарылғасова, “Махамбет”, “Орал”, “Шалқар”, “Мұқатай” шекара бөлімшелерінің әскери қызметшілері Серікбол Сатқалиев, Ринат Ерікбаев, Алтынбек Аманқұл, Таймас Дарханұлы бар.

image-06-05-26-11-40-2

Кеш соңы жергілікті өнерпаздардың әскери-патриоттық бағыттағы әндеріне ұласты.

image-06-05-26-11-40-14

Қуаныш Қали
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале