26.10.2021, 19:55
Оқылды: 358

Елдің ықыласына бөленді

Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жаңақала ауданын төрт жыл басқарып, оның өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан Наурызбай Қарағойшинге құрмет көрсетілді.

C8E0EE7F-1BC9-413E-8698-1227ABFB0EF7

Алқалы жиында аудан әкімі Дархан Закарин Н.Қадырбайұлының Жаңақалаға сіңірген елеулі еңбегін айрықша атап өтіп, алғыс-ризашылығын айта келе, Жаңақала жұртшылығының атынан алғыс хат табыс етті. Одан әрі Наурызбай Қадырбайұлы өзінің еңбегін елеп-ескеріп, арнайы құрмет көрсеткені үшін аудан әкімдігіне және ауданды басқарған жылдары қолдау көрсетіп, қоян-қолтық жұмыс істеген аудан тұрғындары мен еңбек ардагерлеріне зор ризашылық, алғаусыз алғысын жеткізді. Артынша жылы лебіз кезегін ауданның ардақты азаматтары Махсот Шапихов, Айтуған Шарафутдин, Тыныштық Өтешқалиев, Шаһидолла Әбуғали алыпқызметтес болған кездердегі ескірмейтін естеліктерімен, қызықты сәттерімен бөлісті.

16ECB59C-7AA3-40BB-B1EE-481D45E0267E

Сонымен қатар Н.Қадырбайұлының аудан үшін жасаған игі істерін айта келіп, алдағы жұмысына сәттілік, толағай табыстар тіледі. Одан кейін сөз алған аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің редакторы А.Ермекқалиев Н.Қадырбайұлының аудан жастарына деген жанашырлығы мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.

55E1D4F9-DAB1-48B4-9C50-210EBB54B5B4

Қашанда қарапайымдылығынан танбай, «елім», «жерім» деп қызмет еткен Н.Қадырбайұлына «Бірлік» мал зауытының директоры Қанат Ешімов, шаруа қожалық жетекшісі Талғат Бәйкенов сынды азаматтар да шынайы алғыстарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Құндыз Мержанқызы

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале