22.06.2022, 11:15
Оқылды: 174

Электр тогы – қауіпті күш

Электр қуатынсыз бүгінгі өмірді елестету мүмкін емес. Алып зауыттардан бастап, алақандай смартфонға дейін электр қуатына тәуелді.

ZfadEvxxf10

Суреттің дереккөзі: VK com

Электр қуатына үйренгеніміз сонша, «Токқа қыстыра қойшы» деп, электр құралдарын қолдануды балаға да сеніп тапсыра саламыз. Осы жерде біз электр тогынан баланың жарақат алуы мүмкіндігін ойлай да қоймаймыз.

Балалардың жарақаттануы – ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгертетін үлкен мәселе.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,  7-11 жастағы балалар жарақатты жиі алатын көрінеді. Қыздарға қарағанда ұлдардың жарақаттануы жиі болады (70%). Үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі де осы. Әлемде балалар әр түрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан көп дүние салады екен.

Балалар жарақаттануының негізгі себептері көп емес. Негізінен, нақты жағдайларда қорқынышты ештеңе орын алуы мүмкін емес деп ойлайтын ересектердің бейқамдығы мен өз міндеттерін тиісінше орындамайтын салғырттығы. Әрине, балалардың тәртіптілігі де үлкен әсер етеді.

Осыған байланысты электр тогынан болатын балалардың жарақаттануы және оның алдын алу туралы баяндаймыз.

Ең алдымен, электр тогының зақымдану себептерін түсіну керек. Әдетте адамдар 10 кВ (10000 Вольт) жабдығы 220 Вольттан әлдеқайда қауіпті деп санайды. Бірақ бұл қате пікір. Шын мәнінде электр тогының зақымдаушы факторы кернеуге емес, оның күшіне байланысты. Сондықтан кез келген тұрмыстық құрал қауіпті болуы мүмкін. 10 мА астам ток (0,01 Ампер) күшті, ауыр соққы жасай алады, ал 100-ден 200 мА дейін (0,1-ден 0,2 Ампер) ток  өлімге әкелуі мүмкін! Бұл ретте, ток күші 10 миллиамперден жоғары болса, бұлшық ет тартысы соншалықты күшті болады. Сол себепті зардап шегуші ток сымын босата алмайды. 20 миллиамперден астам ток кезінде тыныс алу қиындайды және 100 мА жуық ток күшінде толық тоқтайды.

Сондықтан баланы электр тогынан сақтануға жастайынан үйрету керек. Бұл – баланың амандығы үшін өте қажет шара. Жұмыс үнемі екі бағытта жүруі тиіс: біріншіден, электр жарақатын алу мүмкіндігін жою. Екіншіден, электр жарақаттарының алдын алудың негізгі әдістері бойынша балаларға арналған сабақтарды үнемі өткізу.

Электр қуаты қауіпсіз болуы үшін тұрғын үй, білім беру объектілері, спорт, құрылыс алаңдары, ғимарат кіреберістері мен жертөлелері, сондай-ақ тұрмыстық аспаптарға тікелей жақын орналасқан кез келген қолданыстағы электр қондырғыларына (электр беру желілері, қосалқы станциялар, кернеу класына қарамастан жабдықтар) ерекше назар аудару қажет.

Әр бала білуі қажет: трансформаторлық және тарату қосалқы станцияларына жақындау және жанасу, ішіне кіру, сондай-ақ шатырға шығу; кабель және әуе электр беру желілерінің электр тогы жүріп жатқан, құлап кеткен және үзілген жалаңаш сымдарына; аспапта немесе сымда электр тогының бар болуын саусақпен тексеру, электр сымдарды есік, терезе жақтауларына, сымдарды шегемен бекіту өте қауіпті.

Электр сымдары жылыту батареялары, су құбыры, телефон және радиотрансляциялық сымдармен жанаспауын қадағалау керек.

Балаларға розеткалардың жанында ойнауға, оған түйреуіш, сым бұрап тығуына  мүмкіндік беруге болмайды. Корпусы бойынша ток өтетін тұрмыстық электр құралдарын («түйістірілетін» аспабы) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Аспаптарды қосу және сөндіру кезінде штепсельдің айырын сымнан емес, пластмасса қалыптан алу керек. Және  баулар штепсельдің айырына жалғанбауы керек, себебі кездейсоқ жанасу кезінде токпен зақымдануы мүмкін.

Қосылған электр құралдарын, соның ішінде ұялы телефондар мен гаджеттердің токқа қосу құрылғыларын қадағалаусыз қалдыруға немесе оларды балаларға бақылауды тапсыруға болмайды.

Электр тогы тек  қуат көзі емес. Ол – қауіпті күш.

Адам өміріне, бала амандығына қауіп төнбесін десек, электр тогын пайдалану тәртібін мүлтіксіз орындаңыз.

 

С.ЕШЕВ,

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау

Және бақылау комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Аумақтық департаментінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале