16.01.2023, 18:07
Оқылды: 44

Елеулі еңбекке лайықты құрмет

Елге келген ауыл азаматы Талғат Қатауов Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен Шалғын ауылының тұрғындарына көмек берген бір топ басшы азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.

IMG_7750

Талғат Тұрсынғалиұлы саяси қуғын-сүргін құрбаны, КСРО Оқу-ағарту ісінің озық қызметкері «Тұрсынғали Қатауов» қоғамдық қорының  атынан Шалғын ауылын қалпына келтіру жұмыстары кезінде күні-түні демей қызмет жасап, халыққа қолдау білдірген  аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиевты, аудан әкімінің орынбасарлары Жасұлан Сұлтан мен Қайрат Төлеповты, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Мұқановты, Қоскөл ауылдық округінің әкімі Әділет Мусағалиевты алғысхатпен марапаттап, ел болып атқарылған игі іске ризашылығын білдірді.

Аудан басшысы аталмыш қоғамдық қор тарапынан көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, су тасқыны кезінде Шалғын ауылында ұйымшылдықпен еңбек етіп, қиындықты бірге еңсерген аудан халқына алғысын айтты.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале