7.11.2022, 12:30
Оқылды: 55

 Еліміздің ертеңіне бейқам қарамайық

«Отан… Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер, ата-анаң, досың. Отан - бұл біздің ата-әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, «Отан» да адам баласына солай да ыстық. 

2022_10_17_photo_407540

Суреттің дереккөзі: egemen.kz

Мен үшін Отан – құндылықтарды, материалды тасымалдаушы емес. Бұл — жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін жердің рухани бұрышы. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» – деген даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлы.

2022 жылдың 20 қарашасы күні елімізде үлкен саяси науқан өткелі отыр! Ел тағдыры, ел болашағы үшін тасада қалмайық! Барша қосшылық жерлестерімді, барлық замандастарымды Отанымыздың болашағы үшін сайлауға келіп, өз дауысыңызды беруге шақырамын!

                                                                                          Абай Айдынғалиев,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале