2.09.2021, 9:24
Оқылды: 61

Елорда төріне ауыл ұстазының суреті ілінді

Танымал «BI GROUP» инновациялық құрылыс компаниясының «Ризамыз, Ұстаз!» атты бірегей әлеуметтік жобасы тамыз айында бірнеше кезең бойынша өткен болатын. Алғашқы кезең 9-13 тамыз аралығында «Instagram» әлеуметтік желісінде челлендж ретінде басталды.

IMG-20210831-WA0025

Одан соң 30 тамыз күні елордадағы «Атырау» көпірінде мұғалімдердің портреттерінен ауқымды көрме ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары көп жиналды.
Республиканың әр аймағыннан келген жобаға қатысушы кез келген адам өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында сүйікті мұғалімінің суретін жариялады. Желі пайдаланушылары ұстаздарының өзгеше қыры мен есінде қалған ерекше оқиғалары жайлы жазып, жазбаларында «Rizamyz Ustaz» хэштегін белгіледі. Ең әсерлі оқиғалардың (100) кейіпкерлері кәсіби фотосессияға шақырылды. Талап бойынша әр ұстаздың суретімен бірге кейіпкер жайлы ақпарат, ұстаздық жолдағы басты ұстанымдар мен өзекті пікірлер бірге ілінді. Ерекше жолы бар ұстаздардың бірі бір топ алтын медаль иегерлерін дайындап шығарса, бірі мықты музыканттар мен спортшыларды тәрбиеледі. Осындай ерекше балаларға өмірін арнаған батыл ұстаздардың қатарында Казталов ауданы, Қараөзен мектеп-лицейінің ардагер ұстазы, зейнеткер Айгүл Мұқанғалиева апайдың суреті елорда төріне ілінді. Онда шынайы ілтипатпен «Ризамыз» деп алғыс айтқан Айгүл Нұрмұхамбетқызының алғашқы шәкірті, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында журналистік салада қызмет атқарып жүрген Динара Киндербаева айтулы жобаға қатысып, кең көлемде өткен көрменің жүлдегері атанды. Сөйтіп, өзін біліммен сусындатқан алғашқы ұстазы Айгүл Мұқанғалиева апайын өзінің тынымсыз ізденімпаздығының арқасында елі ерекше құрметтеген жандар қатарынан табылуына жол ашты.
 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале