3.12.2020, 11:52
Оқылды: 73

Елордадан жеткен сүйінші хабар

Нұр-Сұлтан қаласында «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін жалпы ұстаздар арасында дойбыдан онлайн республикалық турнир өткен болатын.

жүлде1

50-59 жас аралығындағы ерлер сайысқан турнирде аудан орталығы Федоров ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің әдіскері Өтеген Мүбарак жүлделі ІІ орынды иеленіп, «Қазақстан дойбы федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры А.Чуприктің алғыс хатымен марапатталды.

Жерлесіміз республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының бас директоры, Қаз СТА құрметті профессоры М.Тасқалиевтың атынан «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» төсбелгісін де иеленді.

Аяулым Бақтығали,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале