31.08.2021, 12:22
Оқылды: 32

Елу жылдан кейін кездесті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылдық округіндегі Я.А.Тихоненко атындағы орта мектебімен 50, 51 жыл бұрын қоштасқан түлектер келіп, жарты ғасырдан кейін қонырау сыңғырымен білім ордасына кіріп, партаға отырды.

50

Мектепте өткен балғын балалық шақтарын еске алып, "Мектеп вальсін" де биледі. Түлектер мектептеріне естелік ретінде ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің "Кел, балалар, оқылық!" деген сөзі жазылған тақтаны сыйға тартты. 1977 жылы туылған түлектер мектеп жанындағы футбол алаңында футбол ойнап, көңіл тербеткен естеліктерімен бөлісті.

 

   Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале