11.11.2022, 20:31
Оқылды: 46

Еңбек адамына құрмет көрсетті

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округ әкімі Нұргүл Омарова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков пен «Нарын шуағы» ҚБ-ның мүшесі Қалампыр Айтжанова ауылымыздың тұрғыны, зейнеткер Ғазиза Құрманғалиеваның үйіне арнайы барып, мерейлі 75 жасымен құттықтады.

IMG-20221111-WA0156

Сонау 1967 жылынан бастап М.Мәметова атындағы совхоздан еңбек жолын бастаған Ғазиза апамыз 1980- 87 жылы М. Мәметова атындағы мектепте кіші қызметте еңбек еткен. Ал 1987 жылдан зейнетке шыққанша аудандық жол бөлімінде кіші қызметкер болып жұмыс жасаған Ғазиза Құрманғалиеваға аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың атынан құттықтау хат пен сыйлық табыс етті.
- Ғазиза апамыз секілді жерлестеріміздің еңбегі көбінесе көрінбей қалады. Кіші қызметтегі азаматтардың жұмысы өте ауыр. Ол кезде ағып тұрған су, тек жаға салатын газ да болмады. Еңбектің бәрі қолымен жасалды. Заты әйел болса да аналарымыз азаматтар сияқты маңдай терін төгіп, қол күшін жұмсап, ауыр жұмыстарды атқарды. Сол себепті де қазір зейнетте отырған аналарымызға құрметіміз ерекше, - деді ауылдық округ әкімі Нұргүл Омарова.

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале