19.06.2020, 16:53
Оқылды: 73

«Еңбек-Балапан» бағдарламасы аясында грант иегерлеріне сертификат табысталды

Шыңғырлау ауданында құс шаруашылығын дамыту аясында тың бағдарлама бастау алды. Оның мақсаты - ауылдағы жұмыссыздар мен көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына өзін-өзі жұмыспен қамту үшін мемлекеттің тарапынан көмек деп түсінген жөн.

8C4C0976-FF6B-4A50-9BFD-76E28C37455A

Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша жүзеге асырылғалы жатырған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Еңбек - Балапан» өңірлік бағдарламасының  Шыңғырлау ауданында тұсауы кесілді. Аталмыш шараға қатысқан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова «Еңбек - Балапан» бағдарламасының ашылуымен құттықтап, осы шаруамен айналысуға бел буған азамат-азаматшалардың бастамаларына сәттілік тіледі. 

B746EAFA-3178-4F4F-890F-7EC74E8CEB87

«Еңбек - Балапан» бағдарламасының мақсаты жұмыссыз жүрген және аз қамтылған санаттағы азаматтарға құс өсіріп, жеке шаруашылықпен айналысып, өз отбасына табыс көздерін ашып, пайда келтіру.

Бағдарлама арқылы бюджеттен 330 000 теңге қайтарымсыз грант табыс етіледі. Бұл қаражатқа алушы 160 дана ет тұқымды тауығын, 125 дана жұмыртқалағыш тұқымды тауығын, сонымен қатар бір тоңазытқыш, 4 дана сетка рабица сатып алуы керек.

Шыңғырлау ауданы бойынша 13 отбасы осы шаруамен айналысуға ниет білдіріп отыр.

Шара соңында арнайы келген облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Бағдаулет Ибраимов «Еңбек-Балапан» бағдарламасы аясында құс балапандарын алуға ниет білдірген грант иегерлеріне сертификат табыстады.                                                                                                         

А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале