18.07.2022, 15:15
Оқылды: 63

«Еңбек кубогі» «Тұлпарда»

Бөрлі ауданының жұмысшы жастары мен NEET категориясындағы жастар арасында «Еңбек кубогі – 2022» атты шағын футболдан аудандық турнир өтті.

2

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан шараға барлығы 11 команда қатысты.

4- «Жастарды кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басылымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқанай, бүгінде аудан жастарына жан-жақты қолдау көрсетіліп, түрлі мемелекеттік бағдарламалар арқылы жастарды жұмысқа орналастыру, мерекелік шараларға қатыстыру қолға алынуда. Соның ішінде жастарды спортпен қамтуда маңызды. Жыл сайынғы шара жастар арасында үлкен қызығушылықпен қатысып, асыға күтіп жүретін ойынға айналды. Өте қуаныштымыз. Биылғы «Еңбек кубогіде» жоғары дәрежеде өтті. Атсалысқан барша ойыншыларға, командаларға алғыс айтамыз, – деді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Толқын Хадышова.

Турнирде «МСС» компаниясы, ішкі істер бөлімі, төтенше жағдай бөлімі, аудандық арухана, мешіт жамағаты, Қызылтал жастары сынды командалар бақ сынады.

3

Шараның ашылу салтанатына аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Руслан Азаматов қатысып, жастардың қоғамдағы орнына тоқталып, түрлі салада еңбек етіп жүрген жастарға сәттілік тілеп, қашанда жастардың жаңа идеяларын, пікірлерін, ұсыныстарын аудан әкімдігі қолдауға әзір екендігін айтты.

Шағын футбол турнирін ұйымдастыруға аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мұрындық болды.

Қорытындылай келе, «Үздік қақпашы» аталымымен Р. Айтмухамбетов, «Үздік ойыншы» аталымымен Н. Әлмұхамбетов, «Үздік қорғаушы» аталымымен Т. Мұхтыбаев, «Үздік шабуылшы» аталымымен К. Ғаббасовтар танылды.  Тартысты өткен турнирдің үшінші орнын АГС компаниясы командалары алса, екінші орынға Бөрлі әкімдігі командасы тұрақтады, ал, биылғы «Еңбек кубогі» Тұлпар командасына бұйырды.

Жарысқа қатысушылармен, жүлделі орын алғандар «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» атынан тиісті дәрежедегі арнайы кубогі мен медальдары және де, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

5

Айым Ғабділбарқызы,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале