6.12.2021, 10:10
Оқылды: 86

Еңбекшілер алғысқа бөленді

Теректі аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылық қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Олардың кәсіби датасына орай өткен салтанатты кеш көрмемен басталды. Одан әрі марапаттау рәсіміне ұласты.

8

Шара барысында сөз алған Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

11

Жарғақ құлақтары жастыққа тимей күндіз-түні аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтардың еңбегі еленді. Тінін тарқаталық, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен «Шарақап» шаруа қожалығының басшысы А.Джаназаров (Федоров а.о), аталмыш министрліктің алғыс хатымен  ветеринария саласының қызметкері Е.Боранбаевтар (Подстепный а.о) марапатталды.

10

Сондай-ақ БҚО  әкімінің алғыс хатымен  «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекекттік мекемесінің аудандық филиалында көп жылдар қызмет еткен Н.Сайхынқызы,  Р.Оразғалиевалар (Ақсоғым а.о) марапатталды.  Сонымен бірге Ақжайық а.о әкімі Б.Қадырғалиев, Долин а.о Т.Манатауов, «Покатиловка»ЖШС механизаторы Ю.Ливинец, «Айсұлу» шаруа қожалығының зоотехник-селекционері С.Шушаков, «ҚазАқбас»ЖШС мал дәрігері А.Сарқұлов, «Шарақап» шаруа қожалығының басшысы А.Джаназаров, «Ақтілек» шаруа қожалығының басшысы М.Лұқпанов, «Әлижан» шаруа қожалығының  механизаторы А.Нұрмағанбетов, «Масқар» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы А.Нұрғалиев, «Қабылтөбе» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрайымы А.Хамитовалар да  алғысқа кенелді.

12

Ал Теректі ауданы әкімінің  алғыс хатымен Ұзынкөл а.о мал бақташысы Н.Айсағалиев, «Жайна»ЖШС комбайнері М.Байтақов, «Сүйін Ұрпағы» шаруа қожалығының  механизаторы В.Яковшин, «Бақыт» шаруа қожалығының  мал дәрігері С.Бөкенбаев, «WestKazAgro»ЖШС мал бақташысы С.Шанимов, «Жәнібек» шаруа қожалығының  механизаторы Б.Қанатов, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекекттік мекемесінің Теректі аудандық филиалының агроном-фитопатологы С.Тапишев, «Пойма май комбинаты » ЖШС операторы Г.Дмитриев, «Адал» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Қ.Дакешев, «Zaina KZ» ЖШС механизаторы А.Маменовтар марапатталды.

«Барқын» шаруа қожалығы  «Үздік шаруашылық»,  Н.Арыстанов (Ибрагим» ш.қ) «Үздік мал дәрігері», Т.Мұхамбетқалиев (Мадиеев ш.қ,) «Үздік механизатор»,  В.Радионов (Қырман ш.қ) «Үздік агроном»,  М.Сағыналиев (ҚазАқБас ш.қ) «Үздік малшы», И.Солодовников (Солодовник ш.қ) «Үздік бау-бақша шаруашылығы»,  А.Челик (Прогресс ш.қ) «Үздік комбайнер» аталымдарына ие болды.

13

Мұнан кейін «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Амангелді Давлетжанов жылы лебізін білдіріп, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары  Г.Раисова, «Ажкеев» шаруа қожалығының  басшысы С.Ажкеев, «Тұмар» шаруа қожалығының  басшысы Р.Лұқпанов, «Бисен» шаруа қожалығының  басшысы М.Бисеновтерге медаль табыстады. Ал «Құрмет» грамотасын аудан әкімінің орынбасары Е.Досмақов кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы А.Лұқпанова, Федоровка а.о ветеринарлық бөлімінің меңгерушісі  Б.Әубәкіров, «Мадиев» шаруа қожалығының  басшысы С. Мадиевтерге берді.

Марапат соңы мерекелік концертке жалғасты.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале