5.05.2023, 20:34
Оқылды: 57

«Ер — елдің қорғаны»

Теректі аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ер – елдің қорғаны» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды.

IMG-20230505-WA0110

Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл. Осы уақыт аралығында Отан қорғаушыларымыз ел тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырды.

IMG-20230505-WA0108

Кеш барысында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова азаматтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мереке қарсаңында бірқатар азаматтарға марапат ұсынды. Олардың қатарында, Теректі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Дидар Башаев, учаскелік полиция инспекторы, майор Қайсар Есентаев, лейтенант Темірхан Кәрімов, мобилизациялау бөлімі бастығының орынбасары Рафхат Айтқалиев бар. Марапаттау рәсімінен соң Федоровка жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары автомат  шашып-жинау, қорғаныс киімін кию тәсілдерін көрсетті. Мәдениет үйі өнерпаздары «Теректі» вокалды-аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен «Жылдар», «Ақ қайың», «Романтика», «Соловьиная роща», «Қазағым елім» сынды әндерді орындады.

IMG-20230505-WA0100

IMG-20230505-WA0101

IMG-20230505-WA0099

IMG-20230505-WA0096

IMG-20230505-WA0093

 

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале