5.05.2023, 20:42
Оқылды: 50

“Ер - елінің қорғаны”

Осындай атаумен Сырым ауданында 7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.
image-05-05-23-06-56-8
- Бұл мереке елдің тыныштығын күзетіп батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз, - деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Төлеген Төреғалиев.
image-05-05-23-06-56-5
Аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы, ауған соғысының ардагері Мұрат Айдарханов өз саласында жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар сала мамандарына мерекелік марапат табыс етті.
image-05-05-23-06-56-6
Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мұрат Сәрсеев құттықтау сөз сөйлеп, "1988-1992 жылдары Закавказьедегі іс-қимылдың жауынгерлік қатысушысы”, “Таулы Қарабахтағы бітімгершілік миссиясына қатысқаны үшін” төсбелгілерін табыстады.
image-05-05-23-06-56-10
Салтанатты шара жас сарбаздардың, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының әндерімен, қоян-қолтық жекпе-жек ұрысының элементтерін көрсетумен жалғасын тапты.
image-05-05-23-06-56-2
image-05-05-23-06-56-1
image-05-05-23-06-56-7
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz  
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале