29.04.2024, 15:45
Оқылды: 47

Ералы - "Жас қалам" иегері

Жуырда Жәнібек ауданында мектеп оқушылары арасында дәстүрге айналған қоғам қайраткері Ғұмар Қараш оқулары өтті.

image-29-04-24-02-28-1

Екі бағытта ұйымдастырылған доданың алғашқы кезеңінде қатысушылар ақын, философ, ағартушы Ғұмар Қарашқа жыр арнаса, екінші бөлімде ақынның жырларын нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.

Сайыстың «Қазақтың биігісің асыл бабам» бағыты бойынша Федоровка жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Ералы Тлепқали қатысқан болатын.

image-29-04-24-02-28

Ералы Ерғалиұлының ақынға арнауын көпшілікті сүйсіндіріп, жанын тебірентті.

Сөйтіп, қазылар алқасының шешімімен теректілік өрен «Жас қалам» номинациясына ие болды. Сонымен қатар Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатымен марапатталды.

Ералының жетекшісі Үміткер Орынғалиев жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

Жас талантты жүлдесімен біз де құттықтаймыз.

Жауһар Нұрым, 

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале