17.10.2022, 14:31
Оқылды: 38

Ерекше жандар арасындағы сайыс

Жәнібек спорт клубында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында көпсайыстан аудандық турнир өтті. Дойбы, үстел теннисі, асық ату, арқан тартыс, қол күресі және баскетбол добын торға лақтыру секілді сайыстарда қатысушылар сынға түсті. Ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2022-10-17 at 12.11.24

Жарыс қорытындысында асық атудан 1, 2, 3-орындарға тиісінше Жансен Зейнетолла, Әлихан Бисек және Ерқанат Оңайәлиев ие болса, дойбыдан Жамбыл Исатаев 1-орын, Виктор Кажанов 2-орын, Нүркен Үмбетәлиев 3-орыннан көрінді. Сонымен қатар әйелдер мен ерлер арасындағы қол күресінен 1, 2, 3-орындарды сәйкесінше Анжелина Садреддинова, Гүлзия Мәмбетәлиева, Ұлмекен Князова жеңіс тұғырынан көрінсе, Марс Батрашев – I, Нұрхан Бисен – II, Расул Болатова – III орындарды иеленді.

WhatsApp Image 2022-10-17 at 12.11.25

Сондай-ақ үстел теннисінен әйелдер мен ерлер арасында Анжелина Садреддинова 1-орын, Айзада Князова 2-орын, Анаргүл Абдолова 3-орын, ал ерлер арасында 1, 2, 3-орындарды Жұмаш Томпишев, Еркебұлан Насипов, Расул Болатов иемденді. Баскетбол добын лақтырудан Айзада Князова 1-орын, Жұмаш Томпишев 2-орын және Бауыржан Мамашев 3-орын алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль және шағын сыйлықтар табысталды.
Турнирдің соңында ауданымыздың жомарт жандары қатысушыларға дастархан жайды.

Кәусар Танабай,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале