2.11.2023, 17:15
Оқылды: 53

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Шыңғырлау ауданының дамуына жылдар бойы үлесін қосып келе жатқан саланың бірі – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі.

IMG_20231102_080320

Ауыл - аймақтың көгалдандырылуы мен қоршаған табиғатты қорғауда еңбектері ерекше, оған қоса зиянкестермен жұмысты да осы саланың қызметкерлері атқарып келеді.

Солардың бірі – Нұржамал Сатанғалиева. Орманшы қызметін мақтан тұтатын Нұржамал Ермекқызы Сырым ауданының Бұлдырты ауылында 1963 жылдың 20 наурызында дүниеге келген.
Мектептен соң Алматы қаласындағы «Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді Ауылшаруашылық институтын» тәмәмдап, орман шаруашылығының инженері мамандығын алған.
Еңбек жолын 1985 жылы Шыңғырлау ауылында Шыңғырлау орман шаруашылығында инженер болып бастап, бүгінге дейін осы қызметте еңбек етіп жүр.

Еселі еңбек етіп, өз ісіне адалдық танытып жүрген Нұржамал Ермекқызының еңбек өтілі 38 жыл. Ұжымына сыйлы, жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқаратын үздік маман БҚО облыс әкімінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Орман инженері бұған дейін де, I дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төс белгісімен марапатталған болатын.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале