23.11.2023, 23:24
Оқылды: 30

Ерен еңбек иелеріне құрмет көрсетілді

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы түрлі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, аудан экономикасы мен тұрғындардың әлеуетін арттыруда жетекші күшке айналып отыр. Соның ішінде Бөкей ордасы ауданы үшін ауылшаруашылығы саласы айрықша маңызға ие.

IMG-20231123-WA0206

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесіне орай жергілікті мәдениет үйінде аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың қатысуымен салтанатты жиын өтіп, сала мамандарына құрмет көрсетілді.
- Қазір әлемдегі ең тұрақты әрі сенімді валюта – азық-түлік. Соған сәйкес уақыт өткен сайын ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы мәні мен маңызы арта түсуде. Биыл ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 15 млрд 207 млн теңгені құрады. Аудан көлемінде 563 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Соның 40-ы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Жыл сайын материалдық-техникалық базамыз да жаңарып, қажетті техникалар да сатып алынуда. Жылдың басында лизинг арқылы 102 дана техника алынды, соның ішінде 33 трактор, 69 дана басқа шаруашылыққа арналған техникаық құралдар. Бір шаруа қожалығы сыйымдылығы 1000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысын аяқтап, құжаттарын рәсімдеді. Бұл да үлкен жетістік, - деп сөз алған аудан басшысы Нұрлыбек Даумов ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған нәтижелі жұмыстарға тоқталып,​ аталмыш саланы дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген қызметкерлер мен еңбек ардагерлерін мерекемен құттықтады.

IMG-20231123-WA0212
Бұдан соң ерен еңбектерімен көзге түскен бірқатар сала мамандары аудан әкімінің, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының алғысхатымен, сондай-ақ, «Облыстық ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің атынан төс белгі, «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.

IMG-20231123-WA0208
Салтанатты жиын жергілікті көркемөнерпаздар дайындаған әдемі кешке ұласты.

IMG-20231123-WA0213

IMG-20231123-WA0195
Айта кетелік, түрлі бағыт бойынша өз істерін қолға алған жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері қойылған көрме де ұйымдастырылды.

IMG-20231123-WA0196

Олардың арасында мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, ет-сүт өнімдері мен фаст-фуд тағамдарын өндіретіндер де, темірден түйін жасайтын шебердің де, жеке қаражатына шұжық өнімдерін шығарумен айналысып жүрген еңбеккерлер де бар.​

Арайлым Есмағұлова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале